Жарнама
Шаһар шырайы

ШҰҒЫЛ: Атырауда көлік қозғалысы тоқтатылмақ

Азаттық даңғылында көлік қозғалысы тоқтатылмақ. Бұл туралы Атырау қаласының әкімдігі хабарлады.

Өңірде жол құрылысын қайта жаңғырту мақсатында «Азаттық – Әуезов» қиылысынан бастап «Ашхабадский» көшесіне дейінгі аралық 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні сағат 00:00 ден бастап жабылады.

«Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады» делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button