Атырауда 20 сәуір күні кәсіпкерлерге арналған тегін семинар өтеді

7112323787 2dc7d949be b Жаңалықтар

Атыраулық кәсіпкерлерге – тегін семинар. 20 сәуір күні «River Palace» қонақүйінде Еуропалық қайта құру және даму банкі шағын және орта бизнесті техникалық қолдау, әйел кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары, грант алу, табыс тетіктері жөнінде әңгімелейтін болады. «Консалтинг: Бизнес және шеберхана» тақырыбындағы шарада мамандар қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізу жолдарын түсіндіреді.

7112323787_2dc7d949be_b

Яғни, сарапшылар техникалық-экономикалық негіздеме және бизнес-жоспар құру, кәсіпкерлікті түрлі бағытта дамыту бағытында берілген кеңес қызметі үшін 10 мың еуроға дейінгі қаржыны қайтару жайында кеңінен ақпар береді. Сондай-ақ, маркетингтік зерттеулер жүргізу, жеке вебсайт құру, жобалық-сметалық құжаттама жасақтау және тағы да басқа маңызды тақырыптар сөз болмақ.

Бағдарламаның басты ерекшелігі сол – білікті мамандардан кеңес алу үшін Алматы немесе Астанаға барудың қажеті жоқ. Жинақталатын құжаттар тізімі де көп емес. Тапсырыс беруші тарапынан өтініш пен соңғы екі жылдағы қаржы жағдайы жөнінде мәлімет қана қажет.

Қатысушы бағдарламаның барлық талаптарын орындаса, грант беру мерзімі 20 жұмыс күнінен аспайды.

Айта кетелік, Еуропалық қайта құру және даму банкі – еліміздегі ірі инвесторлардың бірі. Ол тек экономиканың түрлі салаларын қаржыландырып қана қоймай, өзге де шараларға атсалысып келеді. Банк қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлер консалтингтік қызмет ала алады. Бағдарлама – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты: «Кәсіпкерлік әлеуетін арттыру» аясында жүзеге асып отыр. Яғни, бизнес өкілдері аталған банктен кеңес беру қызметінің 75 пайызына дейінгі мөлшеріне грант ала алады.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз