«Пыштанай жеңілмеген батыр дескен…»

Пиштанай батыр Шаһар шырайы

«Пыштанай жеңілмеген батыр дескен…». Белгілі  қаламгер Құмарғали  Қабдешұлының Алматыдағы «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС-нен Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына  арналып жарыққа  шыққан жинағы осылай аталады. Бұл жинақта XVIII-ғасырдың  ірі тұлғаларының  бірі, Қазақ елінің тәуелсіздігі  мен егемендігі үшін басқыншы жаулармен шайқастарда қол бастаған баһадүр Ер Қосайұлы Ерсары Пыштанай батырдың өмір жолы кеңінен әңгіме болады.

Пиштанай батыр

Бұқаралық  ақпарат құралдарында жарияланған, ел аузынан жиналған мәліметтер өзек болған жинақ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Қ.Қабдешұлының «Абыз даланың  аңыз  батыры» атты деректі повесі болса, екінші бөлім «Өткенді елеген, рух жебеген бүгінгі ұрпақтың сөзі» деп аталады. Ал үшінші бөлімге «Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге» деген айдар  тағылған.

Ғасырдан ғасырға ұрпақтарының жадында сақталып, Тәуелсіздігіміздің  арқасында  ғана халқымен қайта қауышқан  батыр баба туралы  деректі  жинақ жоғары оқу орындарының тарихшы студенттері үшін керекті оқулық құрал,  көпшілік оқырман үшін тағылымды  кітап болмақ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз