АТЫРАУДА ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ

c3628b19dcbc1d8dbcb1ca04c10a2529 xl Шаһар шырайы

Жұмыс жобасы екі бөліктен тұрады – біріншісі Абай көшесінен Темірханов көшесіне дейін ұзындығы 691 метр, екіншісі Әуезов көшесінен Момышұлы көшесіне дейін (Балықшыда) ұзындығы 1855 метр учаске.

1 маусымда мердігер – «Атырауинжстрой» ЖШС №2 учаскеде жұмысын бастады. Әзірге қаржыландыру кестесіне сәйкес учаскенің 1855 метрдің 700 метрін қайта жаңғырту жоспарлануда. Көшенің жүріс бөлігі 13,3-14 метрден 15,5 метрге дейін кеңейтіліп, төрт жолақ: ені 3,75 метр 2 жолақ және әрқайсысы 4 метрден екі (шеткі автобус жолақтары) жолақ болады. Жолдың жүріс бөлігінен суды бұру үшін жол жиектеріне арық науалары, ал іргелес аумаққа және жасыл-желек аймаққа су бұру үшін жолмен біріктірілген тротуарлардың астына полиэтилен құбырлары салынады. Жол төсемі мен тротуар құрылымы Бейбарыс даңғылы мен Құрманғазы көшесінің бойындағы бұрын жүзеге асқан жобаларға ұқсас: жол жабынының жалпы қалыңдығы 80 см, екі қабатты асфальтбетон жабынының қалыңдығы 15 см, үстіңгі қабаты да кеуектілігі жоғары асфальтбетонның беткі қабаты – 15 см. Қабаттардың жалпы қалыңдығы – 30 см.

Бұл учаскеде автокөлік автопавильондары бар 6 аялдама орнатылады. Жобада сонымен қатар инженерлік желілерді: жылумен, газбен, электрмен жабдықтауды қайта орнату қарастырылған. Жол салушылар екі учаскені де 10 ай ішінде бітіруі керек.

azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз