Жарнама
Шаһар шырайы

ӨҢІРДЕ “ЖАНҰЯ ШАҢЫРАҒЫ” АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Еріктілердің бастамасымен Тұрғындар қалашығы ықшам ауданындағы Орталық саябаққа “Жанұя шаңырағы” аллеясы орнатылды.

Шараның ашылу рәсіміне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген арнайы қатысып, мұнайлы шаһарды абаттандыруға атсалысқан волонтерларға алғыс айтты.- Қаламыздың өсуіне, көркеюіне осылай баршамыз атсалысатын болсақ, Атырау игі бастамалар ордасына айналады, — деп атап өтті әкім орынбасары.»The One» волонтерлар тобының бастамасымен жүзеге асқан аллеяның бас сәулетшісі Бейбіт Мырзағалиев. Аллеяда «Шаңырақ» арт — жобасы, Татуласу орындығы, Ант беру кітабы, арка және алтыбақан орнатылған.Салтанатты іс — шара аясында жобаның жүзеге асуына атсалысқан демеуші компаниялар мее жеке тұлғаларға алғыс хаттар табыс етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button