Жарнама
Шаһар шырайы

Ескі үйлер де жаңара бастады

Биыл шаһардың орталық көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жай жөндеуден өткізу жоспарланған болатын.

d2913778 2580 436a a7b3 1567992cf4aa 1

Осылайша, Тайманов көшесіндегі №58, Құлманов көшесіндегі №107, Алмагүл шағынауданындағы жалпы саны 20-ға жуық көпқабатты үйдің қасбеттері мен сыртқы беттеріне және төбешатырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға енгізілді. Бұл нысандар бойынша «Жайық Сити», «Сенім-2016», «Ер-Нұр Строй и К», «РимСтройСервис» ЖШС-тері мердігер болып белгіленді.

7abcbc44 ca3d 4d52 868c 8ed218f707b9

– Бұл кәсіпорындар жүктелген  жұмыстарын сапалы, межеленген мерзімінде орындап шығуға күш салып отыр. Қадағалаушы құрылымдар анықтаған кемшіліктерді дер мезгілінде түзетуді де міндетіне алған. Мәселен, Алмагүл шағынауданындағы үйлерді жөндеумен айналысқан мердігерлер бүгінде өздеріне бекітілген тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуді аяқтап, қолданысқа беріп үлгерді. Сол сияқты, Тайманов пен Құлманов көшелеріндегі екі көпқабатты үйдің де қасбеті, сыртқы жағы мен шатыры жөнге келтіріліп, жоспарланған жұмыстар мәресіне таяған. Қазіргі уақытта мұндағы үйлердің сыртқы көше жақ беттерінің қалған жартылай бөліктері заманауи үлгідегі фиброцементтік панельдермен қапталып және қасбеттеріне әсемдік түнгі шамдары орнатылуда. Бұған қоса, тұрғындардың сұраныстары негізінде сметалық құжаттарға енбеген жұмыстар үшін жалпы сомасы 60 млн. теңгеге қосымша келісімшарт рәсімделді. Осылайша, бүгінде жөндеуден өткен үйлердің салқындатқыш құрылғыларын қоятын қорапшалар орнатылуда, — деді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мереке Зинуллин.

Дәл осындай жұмыстар биыл Сәтпаев даңғылының бойындағы бірнеше көпқабатты үйде де жүргізіліп жатыр (суреттерде).

«Халық қатысатын бюджет» қалай орындалуда?

Бұл саладағы жағымды жаңалықтардың бірі ретінде соңғы жылдары қолға алынып, жүзеге асырыла бастаған «Халық қатысатын бюджет» жобасын айтуға болады. Мәселен, өткен жылдың өзінде тұрғындардың ғаламторда дауыс беруі арқылы бірнеше шағынаудан мен көшеде балаларға арналған ойын алаңдарын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл мақсатқа 142 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыс жобаға сай атқарылатын болды. Бұл міндетті электрондық конкурста жеңімпаз болып танылған «Абдрашова Ш.» жеке кәсіпкерлігі (ЖК), «NN Partners» компаниясы мен «Нысанбаева» жеке кәсіпкерлігі орындады. Бүгінде Еркінқала-2, Химпоселок, Водников-2, Нұрсая-3 шағынаудандары мен Есім хан көшесінде жоспарланған жұмыстар сметалық құжаттарға сәйкес атқарылып, халықтың игілігіне берілді.

Мереке Зинуллиннің сөзінше, осы «Халық қатысатын бюджет» жобасымен қала мен оның маңындағы 18 елді мекенде кіші аяқдоп пен спорт алаңдарын салу үшін ашық электронды конкурс жарияланған болатын. Нәтижесінде, барлығы оннан астам құрылым (бәрі де жергілікті) мердігер болып танылды. Бірнеше көше мен шағынауданда аумағы 40х20 метр кіші аяқдоп және спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңқайлары салынып, заманауи үлгідегі жарық шамдары орнатылып, вибропресстелген өрмелі тастар төселді.

Бір жылда – жүз қалташа

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етудің бірден-бір оңтайлы жолы – көшелердің бойына заманауи құрылғы-қондырғылармен жарақтандырылған, жылдың қай мезгілінде де жолаушыларға қолайлы автобус аялдамалары мен көліктердің тұруына ыңғайлы  қалташалар салу болып табылады. Алдыңғы жылы қала бойынша осындай 50 қалташа орнатылып, пайдалануға берілсе, биыл 100-ін салу жөнінде мердігер мекеме «Айым-2020» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button