Шаһар шырайы
Бір тәулікте — 3400 текше метр су
Атырау қаласы аумағын жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына жұмылдырылған арнайы техникалар саны 73 бірлікке толықты. Бір тәулікте шаһарда шамамен 3 400 текше метр су сорылды. Жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескеру керек, сондықтан жұмыс өз кезегінде бөліп атқарылып жатыр.
Дәулетқали АРУЕВ