Жарнама
Шаһар шырайыҚоғам

Бұл – біздің қаламыз!

Еуразия жүрегінде орналасқан бас қала бұл күнде еліміздің әр түкпірінен жиналған жандарға киелі бесік, құт мекен болуда. Әр салада табысты қызмет атқарып, ел дамуына үлес қосып жүргендер қатарында атыраулықтар да аз емес. Елорда күніне  орай астаналық болып жүрген атыраулықтардан пікірін сұраған болатынбыз… 

 Бағдат Бақытжанұлы, кәсіпкер:

Атырауым  Астанадай болса  екен…

Ба__дат Ба__ытжан__лы к__с¦пкер

– Менің Атырауда кәсіп-керлік саласында қызмет ете бастағаныма біраз жылдай болды. Осы уақыт аралығында бірнеше жобаны табысты жүзеге асыра отырып, «Астана қаласына қоныс аударсам қалай болады екен?» деген сауал төңірегінде ойландым. Себебі, елорда – болашақтың қаласы. Бұл жерде мүмкіндік мол. Осыны ойлай келе, тәуекел деп бас қалаға қоныс аудардық.

Динамикасы жоғары, сәулеті мен сәні келіскен әсем қала менің отбасымды бірден баурап алды. Балаларым да тез үйренісіп, күнделікті өмір ағымына ілесіп кеттік. Күн санап көркейіп келе жатқан бас шаһарда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жұмыс жасаймын деген адамға табыс көзі мол. Астанамызды әлемге әйгілі етіп отырған ЭКСПО көрмесінен де күтілер нәтиже көп. Халықаралық шараның еліміздің экономикасына, даму үрдісіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

Осы ретте туған жерім – Атырау қаласының да Астана секілді қарыштап дамып келе жатқанына қуанатынымды айта кеткім келеді. Елге келген сәтте жаңа бір нысанның бой көтеріп, жаңа жолдардың салынып жатқанына қарап, мұнайлы мекеніміздің де көші түзу екеніне әркез тәнті боламын.

Бибігүл Нәжімова, жас ана:

Әдемілігіне көз  тоймайды

Биб¦г__л Н__ж¦мова жас ана

– Алғашқы кезде «ауа райы да қолайсыз, жасыл-желегі жоқ, сұп-сұр қала, ол жерде еш қызық жоқ» деген пікірлерді көп естідім. Алайда, Астана – ару да, әсем қала. Кең көшелер гүлдің неше түрімен көмкерілген. Жасыл-желегі жайқалған бүгінгі қала бұрынғыдай емес. «Бас қаланың бораны мен бұрқасыны да  басылған» дегенді естіп, талай мәрте куә болып жүрміз. Алыс-жақын шет елдерден әкелінген тал-теректердің неше түрі өсіп тұр. Барлық жерде – тәртіп пен тазалық.

Баламен үйде отырған жас ана болғандықтан, менің қолым бос, серуенге жиі шығамыз. Қыдырып баратын түрлі кешендер де, бой жазып, сергитін саябақтар да өте көп. Бір байқағаным, жұмыс уақытында қала ішінде бос жүрген адамдар некен-саяқ. Қай жерге қарасаң да қайнаған тірлік, қызу жұмыс. Барлығы да қызмет етіп, табыс табу үшін жүгіріп жүрген адамдар. Алып шаһар өзіне ынтықтырып қана қоймай, тоқтаусыз ағымына адамды еріксіз қосып әкетеді. Сонысымен де болашақтың жарқын, жарасымды болуына кепілдік беретіндей.

Мәншүк ХҰСЫНОВА, журналист:

Бақытымды Елордадан таптым

М__нш__к Х__СЫНОВА

–Мен еңбек жолымды туған жерім – Атырауымнан бастадым. «Туған елдің түтіні де ыстық» деген бар ғой. Осында жұмыс жасай жүріп, аға-апаларымыздан тәжірибе жинақтап, азды-көпті «азығымызбен» арман қала – Астанаға аттандық.

Қарыштап дамыған Елорда құшағы кең екен. Өркендеген елордадан жұмыс та табылды. Мақсатыма қол жеткізгеннен кейін білімімді одан әрі қарай жетілдіру міндеті тұрды. Магистратура, ағылшын тілі курстары және тағы басқаларын да осыннан аяқтап, қоржынымды бірнеше дипломмен толықтырдым. Тағдыр деген қызық екен, Алматыдағы жоғары оқу орнында бірге білім алған әріптесім, әрі досымды Астанадан жолықтырдым. Студенттік шақтағы достығымыз үлкен махаббатқа ұласып, отбасын құрдық.

Адал еңбектің жемісі де тәтті ғой. Қызмет ете жүріп, пәтерлі болдық. Есілдің сол жағалауынан өз баспанамызға қолымыз  жетті. Кейін балаларымыз өмірге келді. Қазір өз саламыз бойынша жұмыс жасап, еліміздің дамуына аз да болса үлесімізді қосудамыз. Шын мәнінде, бұл бақыт оңайлықпен келген жоқ. Біз ұдайы алға қарай өзімізді дамыту жағын ойладық. Күн сайын жаңарып, жасарып жатқан қалада қол қусырып отыру мүмкін емес. Астана сонысымен де тартымды  деп ойлаймын.

Жазып алған: Гүлжан ӘМІРОВА

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button