Сенімсіз кооперативтерге қаржы салмауға шақырды
— Тұрғын үйді үлескер ретінде сатып алу бар да, кооперативтерге ақша салу бар. Екеуі екі бөлек нәрсе. Тұрғын үй кешенінен жаңа үй салатын құрылыс компаниясы алдымен жергілікті атқарушы органға тіркеледі. Содан соң мемлекет тарапынан бақылауға алынады. Мұндай құрылыс компанияларының үлескерінде кепілдік болады. Ал, тіркелмеген кооперативтің болашағы сенімсіздеу. Осы мәселемен қалалық әкімдікке жүздеген тұрғын келіп өздері сеніп ақша салған кооперативтен әлі күнге дейін үй ала алмай жүргендерін айтты. Біз барлық тарапты жан-жақты тыңдадық. Қазір құқық қорғау органдары 400-ге тарта отбасы мүшелерінің арыз-талабымен танысып, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деген Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи баспана алар сәтте “мың рет өлшеп, бір рет кескен” жөн екендігін тағы бір мәрте ескертті.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ