Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда мүгедек жандар арасындағы республикалық чемпионат басталды (ФОТО)

Бүгін Атырау қаласындағы «Мұз айдынында» тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында республикалық V спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

IMG_4437

Қатысушыларға «қош келдіңіз» айтқан облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев халық назарын аударған дүбірлі доданың Атырау облысында өтуі – жергілікті жастардың спортқа деген қызығушылығын тудырып, келешекте спорт саласына ықпалы зор болатынын айтты.

IMG_4449

Келесі болып сөз алған спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев: — Қазіргі уақытта Қазақстанда паралимпиадалық спорт түрі өте қарқынды дамып келе жатыр. Оған дәлел, биыл Рио-Жанейро қаласында өткен олимпиадада пауэрлифтингтен біздің Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды. Осындай жарыстарда жеңіске жететінімізге  сенімдіміз. Алдағы уақытта спортқа деген құлшынысты арттырсақ, медальдар қатары көбейеді деген ойдамын. Біздің ұлттық құрама қазір Мексика қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Оларға да сәттілік тілеймін, — деді ол.

IMG_4411

Сондай-ақ, ұлттық паралимпиадалық комитеттің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов пен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаевалар барлық қатысушыларға жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді. Естеріңізге сала кетейік, спартакиада спорттың 11 түрі бойынша өтеді. Оған 16 команда қатысып, мыңға жуық  спортшы бақтарын сынауда.

Он күнге созылатын біріншілікте жеңіл атлетика мен оқ ату ойындары «Мұнайшы» стадионында, отырып ойнау волейболы мен паратаэквондо «Нұрсая», пауэрлифтинг пен үстел теннисі «Балықшы», парадзюдо «Атырау» спорт кешендерінде, тоғызқұмалақ пен шахмат, дойбы «Жастар» мәдениет үйінде, жүзу орталық бассейнде өтуде.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button