Атырауда он күн бойы ыстық су болмайды

1533289463 news b Шаһар шырайы

Атырауда 3-13 қыркүйекте ыстық су тоқтайды, деп хабарлайды «Атырау жылу жүйелері» АҚ.

1533289463_news_b

Бұл уақытта жөндеу жүргізіліп, құбырлар мен жабдықтар ауыстырылады. Егер тиісті жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталса, ыстық сумен қамту бірден іске қосылатын болады.

– Он күн бойы, яғни, 3-13 қыркүйек аралығында қаданың барлық жылу пунктілерінде ыстық су беру тоқталады. Осыған байланысты, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – делінген хабарламада.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз