АТЫРАУДА ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҮЙЛЕРІ ҚАШАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК?

278941418 1597687057280438 8993784510082422240 n Шаһар шырайы

Бүгінгі таңда Атырау аумағында тұрғын үй құрылысы саласында 36 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.

Оның ішінде:- 6 тұрғын үй кешенінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты қоса алғанда, рұқсат беру құжаттарының толық жиынтығы бар;- 14 тұрғын үй кешенінде құрылысты бастауға рұқсат беру құжаттары бар, бірақ үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ;- 16 тұрғын үй кешенінде құрылысты бастауға құжаттар жиынтығы толық емесі анықталды (құрылысты бастауға хабарлама берілмеген, эскиздік жоба келісілмеген және т. б.)36 нысан ішінде, 6 тұрғын үй кешені тұрғын үй-құрылыс кооперативтері арқылы салынуда, оның ішінде 1 (бір) тұрғын үй кешені аяқталу сатысында, 5 (бес) тұрғын үй кешені бойынша бірқатар проблемалар бар.Атап айтқанда, «Жібек Жолы» тұрғын үй кешенінде проблемалары анықталды. «Жібек Жолы» тұрғын үй кешені құрылысы 2020 жылдың басында басталып, тұрғын үй-құрылыс кооперативі (бұдан әрі – ТҚК) аясында жүзеге асырылды. 2021 жылдың ортасынан бастап құрылыс қарқыны бәсеңдей бастады, соның салдарынан аталған нысанның үлескерлері дабыл қаға бастады.Облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен (бұдан әрі – МСҚБ) ҚР ӘҚБтК-нің 314 және 462-баптары бойынша, жобалау-сметалық құжаттамасыз құрылыс үшін және нұсқаманы орындамағаны үшін (24.09.2021 ж.сот шешімі) айыппұл салынды.Бұдан басқа, ТҚК аясында салынып жатқан тағы 3 (үш) тұрғын үй кешеніне қатысты тәуекелдері бар.Сондай-ақ, бүгінгі таңда Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен Лесхоз шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үй кешенін мәжбүрлеп бұзуға талап арыз бергенін атап өткім келеді. Азаматтық кодекстің 244-бабы бойынша. Бұл кешенде рұқсат құжаттарынсыз салынуда, сонымен қатар жер учаскесінің нысаналы мақсаты: жеке тұрғын үй құрылысы үшін деп көрсетілген.Сонымен қатар, салынып жатқан тұрғын үй кешеніне қатысты сотқа талап арыз жолданды. Құрылысқа рұқсат құжаттарының болмауынан басқа, құрылыс салушының жер учаскесіне құқығы тіркелмеген. Яғни, ол қаланың жер учаскесіне құрылыс жұмыстарын жүргізуде.Жалпы қала мен облыс тұрғындарына салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алар алдында құрылыс салушыдан, үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсатпен қоса құрылыс жүргізуге қатысты рұқсат құжаттардың толық жиынтығын талап етуге кеңес беремін.Әсіресе, ТҮҚК арқылы тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салуға шешім қабылдаған азаматтардың назарына, «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы осындай кооперативтердің пайшыларын қорғамайтынын хабарлағым келеді. Арзан-әрқашан жақсы дегенді білдірмейді!Сонымен қатар, құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар салынып жатқан тұрғын үй кешеніне ақша салғандар, олардың үйі кез келген жағдайда салынып бітетіндігіне алаңдамауына болады. Себебі, Құрылыс салушы банкротқа ұшыраса да, мұндай объектілер одан сақтандырылған және «сақтандыру» деп аталатын ақша тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады.Салынып жатырған тұрғын үй кешенінің рұқсат беру құжаттарының болуы туралы ақпарат алу үшін Сіз қала немесе облыс әкімдігіне жазбаша түрде хабарласа аласыз немесе тікелей Басқармаға келе аласыз, біз Баймұханов көшесі, 16б, «Назерке» бизнес-орталығы (ескі АХАЖ ауданы) мекенжайы бойынша орналасқанбыз, телефон: 52-45-41.

Ерлан Кабдинов,

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы

285236288 1620040581711752 2223629978220059691 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз