АТЫРАУДА 3507 «СЕРГЕК» КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛҒАН

whatsapp image 2022 06 13 at 18.30.46 Шаһар шырайы

Атырауда биыл бейнебақылау камерасының көмегімен 111 қылмыс ашылды.

Бұл туралы Полиция департаменті штаб басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алтынбек Қайырлиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда Атырау қаласы аумағында 3507 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 759 Жедел басқару орталығының камерасы, 1997 «Сергек» камерасы, ал 750 «Интеграция» камерасы.

– Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға және құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, полиция жұмысының тиімділігінің артуына және қылмыстың жедел ашылуына тигізер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторларымен 111 қылмыс әшкереленді, ал Жылыой ауданында 2 қылмыс «ізі суымай» ашылды, деді А.Қайырлиев.


Басқарма бастығы орынбасарының айтуынша, осы жылы аталған камералардың көмегімен 8671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 7522-сі Атырау қаласы аумағында тіркелсе, қалған 1149-ы Жылыой ауданы бойынша анықталды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша «102» операторына 42260 қоңырау шалынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз