Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Қаланың басты көшелерінде, әлеуметтік нысандардың маңында, көпірлер мен жаяу жүргіншілер жолдарында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жолдарға көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы реагент себілуде.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің хабарлауынша, қар тазалау жұмыстарына 38 жүк аударғыш, 11 жүк тиегіш, 1 қар тазалау техникасы, 4 көпқызметті жол көлігі, 12 трактор және 200 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

–Қар тазалау жұмыстарына қатысты өтінімдер қалалық әкімдіктің әлеуметтік желі парақшаларында және 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады. Атырау қаласын қардан тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жалғасады, — дейді Ғ.Төлеген.

Суреттер: Ерлан Алтыбаевтікі және Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінен

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button