Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда қар суын тазарту жұмыстары жалғасуда

Қала аумағында еріген қар суын тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасуда. Су көп жиналған аумақтарда 30-ға жуық арнайы техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Қалалық әкімдік қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Тұрғындардан түсіп жатқан өтінімдер бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мәселеге қатысты өтінімдеріңізді қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қалдыра аласыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button