
Шаһар шырайы
Атырауда қоғамдық көліктер тегін жүреді
Атырау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде 14 және 22 наурыз күндері қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шешім тұрғындардың Көрісу күні мен Наурыз мейрамын кеңінен атап өтуіне мүмкіндік беріп, мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында қабылданды. Қоғамдық көліктердің ақысыз қызмет көрсетуі халыққа ыңғайлы жағдай жасап, жақындарымен еркін қауышуына жол ашады.
Айта кету керек, 14 наурыз – Батыс өңіріне тән ежелден келе жатқан дәстүрлі Көрісу күні болса, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні.
Мерекеде баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, жақындарыңызбен жылы жүздесу тілейміз.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА