АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ АЯЛДАМАЛАР ПАЙДА БОЛМАҚ

vapvapvpvapv Шаһар шырайы

Талап бойынша əр аялдама аралығы 400-800 метрден болуы тиіс.

– Биыл 25 аялдама салынып жатыр. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 200 белгі алып жатырмыз. Ешқандай белгісіз, аялдамасы жоқ жерге қоғамдық көлік тоқтамауы тиіс. Қазір салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолында маршруттың сызбасы ескерілген. Қалада №2 маршрутқа қатысты сын көп екенін білемін. Мұның барлығы ескеріледі. Тамыз айының басында қалалық мəслихат сессиясында осы мəселе қаралады. Бірақ, біз алдымен өңір жұртшылығының пікірін ескеріп, қаперге аламыз. Сондықтан, əлі де уақытымыз бар, – деді Мейірім Жоламанұлы.

Кеңөзек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағытжан Ерназарұлы №51 маршрутқа қатысты ауыл тұрғындарының пікірін айтты.

– Кеңөзек округіне қарасты елді мекендер тұрғындарының негізгі күнкөрісі базарда болғандықтан, халық маршруттың «Дина» базарына бір автобуспен қатынағанын қалайды. Кешке саудадан шаршап, шалдығып шыққанда, үйіне жылдамырақ қайтқысы келеді, – дейді ол. Алайда, сала мамандарының айтуынша, қоғамдық көліктердің жол бағыттарына өзгеріс енгізу əуелі тұрғындар қолайлылығы үшін жасалып отыр. – Бірінші аялдамадан «соңғы нүктеге» жету үшін автобусты ұзақ күтуге тура келеді. Себебі, маршруттар бірнеше ауданды аралап шығады. Ал, жаңа бағыт жол жүру уақытын азайтуға бағытталған. Қоғамдық көлік қатынасына қазынадан 5,2 миллиард теңге бөлініп отыр. Ол аз қаражат емес. Сондықтан, мұны да ескеруіміз керек, – деді қала əкімі.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз