Жарнама
Шаһар шырайы

Атырау қаласының Бас жоспары қайта жасақталуы мүмкін

Тұрғындармен тікелей эфир арқылы байланысқа шыққан Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи осылай деп хабарлады.

Баршамызға белгілі, шаһардағы бау-бақша қауымдастығының жайы — облыс орталығындағы шешімін күткен маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде қалада 45 бау-бақша қауымдастығы болса, олардың барлығында инфрақұрылым жайы ақсап тұр.  Ал, 2016 жылы бекітілген Атырау қаласының Бас жоспарында бұл өткір мәселелер ескерілмепті. Сол себепті, шаһар басшысы биыл бұл жағдай бақылауға алынатынын атап өтті.

— Бас жоспарда көрсетілсе инфрақұрылым жүргізе аламыз. Әрине, бұл мәселе бүгін, ертең немесе бір жылда шешілмейді. Бірақ, сең қозғалды. Бас жоспарға енгізетін боламыз,-деді М.  Қалауи. 

А.Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button