Шаһар шырайы
Көшелерді жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жүруде
Атырау қаласында түнде толассыз жауған жауын суын тазарту жұмыстарына 23 арнайы техника — вакуум жұмылдырылды. Қазіргі уақытта «АрнаулыАвтоБаза» мекемесі техникалардың санын толықтыруда. Бұл жұмыстар тәулік бойына жалғасады, — деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігі.
Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.
Мәселеге қатысты өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және қалалық әкімдіктің әлеуметтік желі парақшалары арқылы қабылданады.