Атырауда құрылысы тұралаған концерттік зал қайта салынатын болды

IMG 3434 Жаңалықтар

Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров мәлімдеді.

IMG_3434

«Мендегі бар ақпарат бойынша, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа француздық компания арнайы жолыққан. Болашақта аталған құрылыс нысаны концерттік зал ретінде қалдырылып, жанына мәдени сауықтыру кешені қоса салынады. Яғни, бұл шаруа француздық компания тарапынан салынатын инвестиция арқылы жүзеге асады» деп атап өтті облыстың бас сәулетшісі Төлеп Орынбасаров.

25koncert

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз