Атырау тұрғындары қала ішіндегі жылқылардан қашан құтылады?

жылкы 11 Жаңалықтар

Әдеттегіше велосипедке мініп алып, жұмыстан келе жатқанымда Атырау қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы көше бойында серуендеп жүрген бір үйір жылқыға кезіктім…

жылкы (11)

Жеті-сегіз жылқы жеке үйлердің іргесінде қаулап өскен шөптерді құшарлана жеп жатты. Суретке түсірмекші болып қасына жақындап барғанымда, мені байқап қалған жануарлар әрі қарай ығысты. Ішінде жалы жалбыраған біреуі кісінеп қояды, шамасы айғыр болуы керек. Арасында жанары жәудіреп, құлағы қалқиған екі-үш құлыншақ жүр. Сол жердегі ойын балалары әлгілерді қызық көріп, соңдарынан қалмайды. Қалаға қыдырып келген «құдайы қонақтарды» телефондарына түсіріп әуре. Бұл көрініс «жылқы ішінде ала жүр, ұстай алмай бала жүр» деген әннің сөзін есіме түсірді.

жылкы (1)

Ал, менің санамнан «Қамбар ата түліктері бұл жерде қайдан жүр?» деген сұрақ кетпей қойды. Не болса да, олардың иелері бұл жайдан осы жазба арқылы хабардар боларына сенім білдірейік.

жылкы (9)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суреттерді түсірген автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз