Жарнама
Шаһар шырайы

«Ардагердің» алдында не болған?

Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, 17 тамыз күні сағат 22:40 шамасында «ВАЗ2114» автокөлігін басқарған белгісіз азамат Сатпаев көшесіндегі “Ардагер” ойын-сауық орталығының тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2004 және 2005 жылы туылған жасөспірімдерді қағып құлатып, оқиға орнынан көлігін тастап тайып тұрған. Қазір автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушісі іздестірілуде.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2004 жылы туылған жасөспірімнің жедел-жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқас тексеріліп, оған компьютерлік томография жасалған. Қазір жағдайы тұрақты, емін жалғастыруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button