Алмалыға тасжол төселмек

293237871 1648985608817249 3919787173616931007 n Шаһар шырайы

АЛМАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ 19 КӨШЕСІНЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ.

Алмалы ауылына жол құрылысын салу үшін бірінші кезең бойынша оң жақ бөлігіне тас жол төселеді. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталды. Тиісті жұмыстар осы аптада басталады. Алдымен, жол құрылысын салуға кедергі келтіретін инженерлік инфрақұрылымдар ауыстырылады. 19 көше қамтылған бірінші кезеңде 6,4 шақырым жол салынады.

Ал, екінші кезең – сол жақ бөлігін салу үшін сараптамадан 5 шілде күні оң қорытындысы алынды. Бүгінде тендерлік рәсімдерін бастау үшін конкурсқа жіберілуде. Бұл кезеңде қамтылатын көше саны 18. Жолдың қашықтығы 10,3 шақырым.

293107791 1648985585483918 4699030786805875288 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз