Атырауда «Лада-Ларгус» көлігі қағып кеткен 4 жастағы қыз қаза тапты

1 24 Жаңалықтар

Атырауда «Лада-Ларгус» көлігі қағып кеткен 4 жастағы қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Баймұxанов көшесіндегі 1-участок аялдамасы тұсында болған.

1

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, жаяу жүргіншілер өткелінен 2 адамды «Лада-Ларгус» автокөлігі қағып кеткен.

Оқиға салдарынан 2013 жылы туған қыз қаза тауып, оның анасы шұғыл түрде облыстық ауруxанаға жеткізілген.

Автокөліктің жүргізушісі – 1996 жылы туған Индер ауданының тұрғынына қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы, 3-інші бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айдос Қарабала

Фото alau.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз