Жарнама
Шаһар шырайы

Атырауда көпқабатты 16 тұрғын үй пайдалануға берілмек

Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Атырау қаласында 2610 орындық 9 балабақша құрылысы жүргізілуде. Оған қоса, қазіргі таңда 320 орындық 2 балабақшаның құрылысы басталған.

  • — Болжамдық көрсеткіштерге сәйкес, өңірде жыл аяғына дейін 220,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде жалпы ауданы 202,5 мың ш.м. құрайтын 2368 пәтерлік  39 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл аяғына дейін 91 мың ш.м. немесе 1030 пәтерлік 16 тұрғын үйді аяқтаймыз, деді Н.Құсайынов.
    Сондай-ақ Н.Құсайынов оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында облыс аумағында өткен жылы 2284 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталғанын жеткізді. Ал, қазіргі уақытта 3370 орындық 8 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Оның айтуынша, биыл демеушілер есебінен 1200 орындық 2 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. Сонымен қатар, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2700 орындық 5 мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Басқарма басшысының орынбасары денсаулық сақтау саласы бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

— Өткен жылы денсаулық сақтау саласы бойынша жергілікті бюджет есебінен 2 нысанның, яғни Құрманғазы ауданы Асан ауылынан 25 орындық пункт пен облыстық перинаталдық орталығы аумағынан кір жуу ғимаратының, Теңізшевройл компаниясының қаржысы есебінен Құлсары қаласындағы 200 орындық инфекциялық аурухана құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Көкарна, Қара депо ықшам аударынан 25 орындық амбулатория мен Құлсары қаласынан 75 орындық инфекциялық аурухана құрылысы жүргізілуде. Оған қоса, биыл «НКОК» компаниясы есебінен Береке ықшам ауданындағы 50 орындық амбулатория құрылысы басталса, ал балаларға арналған оңтайландыру орталығына 80 орындық жапсаржайдың құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда, деді ол.

Н.Құсайынов спорт саласы бойынша биыл 8 нысанының құрылысы жүргізілуде екенін жеткізді. Атап айтқанда Жарсуат, Көктоғай, Тұщықұдық, Сағыз ауылдарындағы спорттық кешен мен Миялы ауылындағы орталық стадион, Дамба ауылындағы көпбейінді спорт алаңы, Құлсары қаласындағы орталық стадион және Атырау қаласынан 53 адамдық 3 спорт залдың құрылысы. Ал мәдениет бағыты бойынша 1300 орындық 5 мәдениет үйінің құрылысы жергілікті бюджет есебінен салынуда. Сондай-ақ осы жылы Атырау қаласында саябақ құрылысын салуға құжат рәсімдеу басталса, ТШО компаниясы арқылы облыстық, қалалық мұрағат, Бейбітшілік және келісім сарайының құрылысын салу көзделуде.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button