
Шаһар шырайы
1 сәуірден бастап Атырауда кейбір көшелер жабылады
Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
–Құрметті қала тұрғындары!
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуірден бастап Жарбосынов көшесінің Құрманғазы және Ерниязов көшелері арасындағы бөлігі уақытша жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береміз, — делінген баспасөз хабарламасында.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ