![Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов өз таңдауын жасады 1 98c68c10 ee6c 4ec6 a61c 5efc90e77a2c](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/06/98c68c10-ee6c-4ec6-a61c-5efc90e77a2c.jpg)
Саясат
Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов өз таңдауын жасады
Құлсары қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында нөмірі 260-ыншы және 235-інші дауыс беру учаскелері орналасқан. Аталған білім беру мекемесіндегі №235 — учаскеге аудан әкімі Халел Жамалов та барып, тарихи маңызды күнде өз таңдауын жасады.
-Бүгін Республикамыздың барлық өңірінде өткізіліп жатқан референдумның келешек ұрпақтың ертеңгі тағдыры үшін мәні мен маңызы аса зор. Мен мемлекет болашағы — жастардың алдағы тағдыры үшін, олардың дамыған, озық мемлекетте өмір сүруі үшін дауысымды беруге келдім, — дейді аудан әкімі Халел Жамалұлы.
Ш.Хамитова