Жолдауда үш жылда орындалатын міндеттер аталды

230901110933341e Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтарды үлкен қызығушылықпен  тыңдап, танысып шықтым. 

Осы орайда, ең алдымен назар аудартқаны – Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдаудағы тапсырмалардың орындалысы – үш жылда жүзеге асуы керектігін де баса айтты. 

«Қазір жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. 

Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында.

Жолдауда халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін әлеуметтік, экономикалық сала ерекше мәнге ие болды. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстан дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Райхан Сүлейменова,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Мұнай және газ факультетінің деканы, PhD докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз