ЖАСТАР – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

Еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау бизнес және құқық колледжінің оқытушыларымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі» тақырыбында студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Онда департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы және Елбасы Н.Назарбаев белгілеген бес институционалды реформа жөнінде әңгімеледі.

 

Конференцияға қатысуға 20-ға жуық баяндама түсіп, оның 12-і қорғалды. Кездесу соңында қатысушылар қозғалған мәселелер жөнінде пікір алмасып, студенттер жемқорлық атты жағымсыз індетті жоюға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Сондай-ақ, аталған департамент блоггерлермен тығыз қарым-қатынас орната отырып, «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бойынша «Спикер 7» үш тілді конференциясын ұйымдастырды. Интеллектуалды конференцияда атақты драматург және режиссер Аждар Улдуз «Ұлттық кітап басылымы және әдебиет», жүйелі талдаушы Ислам Иманғалиев «Ойын өмір стилі секілді», Астана азаматтық кеңесінің негізін салушы Годвин Бенджамин «Қазақ рыногының болашағы – ағылшынның көзқарасымен», «Атырау. Кішкентай ел» ұйымының төрағасы Ерлан Күмісқалиев «Ұлы қайырымдылық», кинофильмдердің продюсері Бибінұр Артықбаева «Жайлылық аймағы, мен және өмір» тақырыбында ой-пікір алмасты.

Өз тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз