Атыраудағы сайлау учаскесінде зағип жандар компьютер арқылы ақпарат алып, дауыс беруде

IMG 20190609 WA0036 Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Атыраудағы нөмірі 3 мектеп лицейдiң спорт залында орналасқан 14 сайлау учаскесінде 2582 сайлаушы тiзiмге енгізілген болатын.

Оның 17-сі алғаш рет өздерінің таңдауын жасамақшы. Мұнда таңертеңгі сағат 10.00-ге дейін 357 сайлаушы дауыс берiп үлгердi. Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Венера Жалмұхамбетованың айтуынша, сайлаушылар тiзiмiне түрлі себептермен енбей қалған сайлаушылар үшiн халыққа қызмет көрсету орталығының маманы қосымша тiзiмге енгiзiп, дауыс беруге мүмкіндік берiп жатыр.
Сайлау учаскесінде көзі көрмейтiн зағип жандар компьютер арқылы тиісті ақпарат алып, өз таңдауын жасайды. Аталған сайлау учаскесiне Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясының өкілi Хабив Муир мырза келiп, сайлаушылардың дауыс беру сәтiмен танысып кеттi.
Қазiр мұнда бiрқатар саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар атынан тiркелген байқаушылар дауыс беру процесін қадағалауда. Тұрғындар сайлау учаскесіне отбасыларымен, келiп өз таңдауларын жасауда.

IMG 20190609 WA0032
IMG 20190609 WA0034
IMG 20190609 WA0035

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз