СаясатБЕЙНЕЖАЗБА

«Бұл – халыққа берілген мол мүмкіндік» (+ВИДЕО)

Бүгінгі өтіп жатқан республикалық референдум халыққа берілген үлкен мүмкіндік деп білемін. Өйткені, референдум арқылы Ата заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерге өз үлесімізді қоса аламыз. Ал, Конституция ең негізгі заң болғандықтан, оның аясында өзге де жаңару, жаңғыртулар орын алары анық.

Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берудің маңызы зор. Сондықтан, өзім тіркелген референдум учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым.
Дауыс берушілер қатарында жастардың, орта буынның көп екені де қуантады. Болашағына бей-жай қарамай, ұрпақ үшін, келешек үшін азаматтық ұстанымдарын танытуға келгендері – ашық, демократитялы қоғамның айқын сипаттарының бірі.

Ел азаматтары осынау саяси шараға қатысу арқылы өз елдерінің патриоттары екенін, оның болашағына алаңдайтындарын білдіріп, мемлекетіміздің жаңа белеске шығуына өз үлестерін қосуда. Саяси салмағы зор, мәні терең, жаңалықтар бастауы болғалы тұрған референдумнан күтетін нәтиже көп.  

Жаннат Досқалиева,

«Азаматтық орталық» мекемесінің директоры

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button