Жарнама
Саясат

ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ – КЕҢ ӨРІС

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті. «Біз жақында қауымдастықтың жаңа стратегиясын қабылдадық. Осының аясында өз ісін бастауға ниетті  жас кәсіпкерлердің бизнес идеяларының байқауын өткізбекпіз. Стратегия Елбасының бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған. Ең үздік бизнес идеяны қолдап, жеңімпазға «Болашақ» қауымдастығынан арнайы кәсіпкерлікті бастауға грант берілетін болады. Осы жобаға еліміздің барлық азаматтары қатыса алады», — деді кеңес төрағасы.

Айта кетелік, байқау жас кәсіпкерлерге өз кәсіптеріне нақты қаржылай көмек алуға, сонымен қатар бизнес-жоспарларды және өз жобаларының тұсаукесерін құру бойынша тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Жобаларды іріктеудің басты өлшемі олардың өндірістің үдеріске енгізілуі болады, оның қорытындылары бойынша «Қазақстанда жасалған» өнімі шығарылатын болады. Қауымдастық кеңесі төрағасының айтуынша, байқау жеңімпазы өз жобасын іске асыруға 10-15 млн. теңге сомасына грант ала алады.

Сонымен қатар, «Болашақ» қауымдастығы «Ұлт Жоспары – 100 қадам» бағдарламасында белгіленген Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын іске асыруға белсенді кірісті. Қауымдастық негізінде құрылған «Мансап орталығы» жас мамандарға жұмысқа тұруға және мансаптық сүйемелдеуге көмектеседі. Қазіргі таңда төрт мыңдық мамандар базасы қалыптасып, hr.bolashak.kz. сайтында онлайн-платформа әрекет етеді.

«Жоғарыда аталған барлық бағдарламаларды іске асыра отырып, біз осылайша Елбасының бірыңғай мақсатына – мықты да табысты Қазақстанды құруға қол жеткізу бойынша маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды іске асыруға өз үлесімізді қосамыз», — деп түйіндеді Қуандық Бишімбаев. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button