Жарқын болашағымыз айқындалуда

poprop Саясат

Бүгін 5 маусым Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Жылыой ауданы бойынша тіркелген  барлығы 24 учаскеде республикалық  референдум өтуде.

Таңғы сағат 7.00- де мемлекеттік Гимнмен ашылған дауыс беру учаскелерінің бірі – Құлсары қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында орналасқан нөмірі 94 учаске. Мұнда  2871 сайлаушы тіркелген. Ең алғаш болып дауыс бергендердің бірі  қала тұрғындары Гүлшара Сакипов мен Балмұханов Жақсылық.
Аға буын өкілдері мемлекеттік маңызы бар құжат Ата Заңның өзгеріске ұшырауы арқылы елімізде оң бастамалар қолға алынып, бірқатар реформалар іске асатынына сенімді. 
– «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» айналамыз деген Президентіміздің бұл бастамасы жұртшылықтың көңілінен шықты. Мемлекеттің негізі халық болса – бүгінгі референдумдағы  халықтың рөлі  аса жоғары деп есептеймін. Әр сайлаушының дауысы маңызды. Бүгін тұрғындар әкімді, депутатты немесе Президентті сайлап жатқан жоқ, еліміздің ертеңгі болашағын анықтап жатыр. Сондықтан, халықтың бір мүшесі ретінде – зейнет жасындағы ардагер болсам да өз таңдауымды жасауға келіп тұрмын» – дейді тұрғын Ж.Балмұханов.


Ш.Хамитова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз