Жаңа саяси реформалар азаматтарға тең мүмкіндіктер беруде

tfgbjhjkh Саясат

Аз уақытта халық мүддесімен үндескен заманауи реформаторға айналып үлгерген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының батыл бастамалары жарқын өмірге бастайтындығына бек сенімдімін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Саяси реформалар процесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын арттыру, баршаға тең мүмкіндіктер жасау жалғасып жатыр. Шығыс пен Батыстың көптеген елдерінде мүлдем басқа жағдай қалыптасса да, Қазақстан басқаларға үлгі көрсете отырып, қоғамның билікті бақылауын күшейту жолымен жүріп жатыр. Азаматтардың мүмкіндіктері жүйелі түрде кеңейіп келеді. Мәселен, Президент тапсырмасымен әзірленген «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң азаматтардың жергілікті жердегі мәселелерін шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, өзін-өзі басқару органдары ретіндегі мәслихаттардың рөлін күшейтуі тиіс. Осылайша, реформалар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз жасайды. Мықты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет – еліміздің негізгі қағидаты. Жаңа Қазақстан өздігінен құрыла салмайды, бұл бәріміздің үлкен күш-жігеріміз. Сонымен ақтар, аудандық, облыстық деңгейдегі өткір мәселелер ашық талқыдан өтіп, шешімдер жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып қабылдануы керек. Президент бастамасымен 2019 жылдан бастап Қазақстан күрделі қоғамдық-саяси трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Елімізде ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы мүмкіндігі бар. Аудан, қала әкімдерін биыл пилоттық деңгейде, келесі жылдан бастап, тікелей сайлау мүмкіндігі болады. Қазақстан суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты.

«Бір Президент – бір мерзім» саяси новелласы енгізілді. Мәжілісте Қазақстанның саяси тарихында алғаш рет 6 партия жұмыс істеп жатыр. Конституциялық сот құрылды. Мемлекет басшысы Тоқаев күрделі геосаяси жағдайда халыққа Конституциялық реформаны ұсынып, ол өзгерістерді халық толыққанды қолдады. Аймақтарда жергілікті әкімдер бюджет қабылдау процесіне жаңа сайланған мәслихаттардың творчестволық потенциалын пайдалана отырып, бюджет процесіне қоғамды кеңірек қатыстыру мәдениетін жасау маңызды. Жергілікті бюджеттің қалыптасуы барша халыққа жаппай ашық және түсінікті болуы тиіс. Аудандық, облыстық деңгейдегі өткір мәселелер ашық талқыдан өте отырып, шешімдер жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып қабылданғаны абзал. Үкіметтің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саясатын, тарифтерді өзгерткенде, бұл қадамдар халыққа түсінікті әрі ашық болуы шарт.

Үкімет елімізде өтіп жатқан саяси трансформацияның мәні мен маңызын халыққа түсіндіре отырып, азаматтардың қоғамдық творчествосын арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауы тиіс. Сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасы іске асады. Бұл да Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр. Яғни, бұл да – Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар бағдарламасының негізгі бастамаларының бірі.  

Аталған бастама туралы Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында айтқан болатын. Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жас қазақстандықтардың кәмелет жасына толған кезінде өзінің баспана жағдайын жақсартуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Сөйтіп, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды.

Асылбек Қанбетов,

мұнай-химия инженериясы және экология институтының деканы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз