Президенттікке үміткерге ардагер батасын берді

5d4908c83c8b6570bba3d1339795d0d9 1 Саясат

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты. Бүгін ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, қаланың құрметті азаматы Яхия Асатовтың шаңырағына барды.

Үміткер қарияға құрмет көрсетіп, тау-кен өндірісінің барлық кезеңдерінен өткенін айтып, энергетикалық қызметте еңбегінің орасан зор екенін атап өтті. Бүгінгі таңда 83 жастағы Я. Асатов «Қазақмыс» корпорациясының ардагер қызметкері, Ұлытау-Жезқазған өңірінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі болып табылады.Ол екі рет Оңтүстік кені кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланған. Бұрынғы әріптестер әлі күнге дейін бұл туралы жылы лебізін білдіріп, зор құрмет көрсетеді. Кеншілердің өндірістік және тұрмыстық жағдайлары мен өмірін жақсарту үшін көп жұмыс істегені көптің есінде.

Кездесу барысында М. Қажыкен ақсақалға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Яхия Жақыпбекұлымен әсіресе кәсіподақ қызметі тақырыбында көп пікір алмасты. Сондай-ақ еңбек ардагері де батасын беріп, ақылын айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз