Жарнама
Саясат

ЖҰМЫС ІЗДЕСЕҢ, ЖӘРМЕҢКЕГЕ БАР!

alogo1223333334«Жәрмеңкеге барып, бағымды сынап көрейін. Бәлкім, жұмыс тауып қалармын…» деген оймен келген жанда есеп жоқ десе де болады.
«Тарлан-Атырау» қоғамдық бірлестігінің қызметкері Әсел Кенжеғалиеваны әңгімеге тартқанда ол: «Жұмыссыздарға аз да болса жеңілдік болсын деген оймен біз олардың «түйіндемелерін» тегін басып, тегін көбейту қызметін ұсынудамыз. Себебі, олардың біразында ол жоқ. Ал мына жерге келген соң олар өз «түйіндемелерін» мекеме, кәсіпорынның біразына ұсынғысы келеді. Жазда, яғни тамыз айында өткізген осындай жәрмеңкемізде бес жүздің үстінде бос жұмыс орны ұсынылып еді. Осы жолы үш жүзге тарта бос орынға адам қабылдамақпыз.
Келесі жәрмеңкеміз жаңа жылдан кейін өткізіледі деп отырмыз. Біздің мақсат — жастардың жұмыспен қамтылуына тікелей ықпал ету, оларға әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, барынша олардың рухани-адамгершілік әлеуетінің өсуіне қолдау көрсету», — деді.
Бұл күнгі жәрмеңкеге 15 мекеме қатысты. Олардың қатарында «ПСН КазСтрой», «Болашақ-Атырау», «Фугро КазПроект», «Каспийбанк», «Атаба», «Атырау» қонақүйі, «Альянс СК», «Каспий Ойл», «Ритм Ойл» және басқалары бар.
Біз сөзге тартқан «Атаба» ЖШС-нің кадр ісі жөніндегі басшысы Светлана Каскелбаева серіктестіктерінің 22 бөлімшесі бар екенін, оларға жастардың ауадай қажет болатынын айта келіп: «Біз кейбір ұжымдардай «келбеті әсем болсын», «жүрісі мынадай, тұрысы анадай» деп қатты таңдамаймыз. Өз ісіне шын берілген, оны үлкен жауапкершілікпен адал атқаратын қызметкер болса, жетіп жатыр…» — деді.
Иә, осымен жәрмеңке аяқталды. Жұмыссыздардың үміті үлкен.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button