Үміткерлерді ұсыну аяқталды: 18 округтен – 73 кандидат
2021 жылғы 9 шілдеде тура 18 сағатта ауыл әкімдігіне үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.
Оның айтуынша, облыс бойынша сайлау өтетін 18 сайлау округінен (олар Атырау қаласы мен облыстың алты ауданында тағайындалған) барлығы 73 кандидат ұсынылған Оның ішінде, 16 ауылдық округ əкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына, ал екеуінде өкілеттік мерзімдерінен бұрын қызметінен босатылуына байланысты сайлау белгіленген.
Кандидаттардың 39-ы (53,4%- ы) – саяси партиялардан ұсынылғандар болса, 34-і (46,4%-ы) – өзін-өзі ұсынған азаматтар. Кандидаттардың 15-і – «Nur Otan», бесеуі – «Ауыл» ХДПП, үшеуі – «Ақ жол» ҚДП, алтауы – «ADAL» саяси партиясы, жетеуі – ҚХП, үшеуі – ЖСДП-нан бо[1]лып отыр. Орташа бəсекелестік 4 адамды құрайды. 73 кандидаттың 19-ы (26%) əйелдер, 18-і қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші болып жасайды. Олардың 8-і ауыл əкімдері, жəне қайтадан ауыл əкіміне үміткер ретінде ұсынылғандар. Кандидаттардың 12-сі коммерциялық, екеуі коммерциялық емес құрылым өкілдері, 34-і бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жетеуі уақытша жұмыс жасамайтындар. Мамандықтары бойынша: 34-і (46,6%) – мұғалім, 12-сі (16,4%) – заңгер, 10-ы (13,7%) – экономист, 8-і (11%) – ауыл шаруашылығы маманы, біреуі (1,3%) – ин[1]женер, 8-і (11%) – басқа мамандық иелері. Тіркелген кандидаттардың 27-сі (37%) – өздері ұсынылған ауылдық округтерде, 42-сі (46,6%) – аудан, төртеуі (5,5%) – об[1]лыс аумағында тұрады. 12 шілде күні есепке алынған 4 үміткердің кандидатурасы əртүрлі себептермен тізімнен алынып тасталды. Бұлардың біреуінен заңда белгіленген талаптарға сай келмейтіндігіне байланысты бас тартылған. Екеуі ұсынылғаннан кейін өз кандидатурасын қайтарып алу жөнінде өтініш берген. Ал бір кандидат тіркелгеннен кейін оның өтініші бойынша тіркеу туралы шешімнің күші жойылған. Қорытындысында, осындай себептер ескеріле отырып, ұсынылған 73 кандидаттың төртеуі тізімнен шығарылып, 69-ы қалды.
Қ а з і р г і у а қ ы т т а ұ с ы н ы л ғ а н кандидаттардың белгіленген заңнамаларға сəйкестігін анықтау жəне оларды тіркеу шаралары жүргізілуде. Шілде айының 11-інде сол кандидаттардың 57-сі немесе 82,6% — ы тіркелді. Кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 14 шілдеде, сағат 18.00-де аяқталады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның тиісті баптары мен талаптарына сəйкес, кандидаттарды тіркеудің қорытындылары туралы ресми ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Дəулетқали АРУЕВ