Жарнама
Саясат

Үміткер zoom-конференция өткізді

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді. Үміткер үш облыста өткен сапар нәтижелері, республиканың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері, студенттер, жас кәсіпкерлер және кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесулер жайлы айтты.

Өз кезегінде, сенімді тұлғалар өңірлердегі штабтар жұмыстары туралы есеп берді. Онлайн-кездесу барысында сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Күннің екінші жартысында М.Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады.

Тараптар бүгінгі таңда үш қатысушы – Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктері қол қоятын басты келісім, қызметкерлердің мүдделерін жеткілікті деңгейде қорғауды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді.

М. Қажыкеннің айтуынша, әлеуметтік әріптестік – азаматтық қоғам факторларының бірі болып табылады.

«Әлемдік тәжірибеде екі тарап – жұмыс беруші мен қызметкердің пікірлері бір жерден шықпаса, онда талқылау барысында олар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізеді. Осыдан соң олар заң жүзінде, белгілі бір нормалар мен ережелерді қабылдау үшін мемлекетке тең серіктес ретінде көмекке жүгінеді. Бұл біз алдағы уақытта қол жеткізетін, тараптардың қарым-қатынасының жаңа форматы болмақ. Алайда бұл қиын жол, себебі көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларға сенбейді және болашақ қызметкерлер де жұмыс берушілерге көп жағдайда сене бермейді. Мұның барлығы өткенде қалуы тиіс, біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек», — деп атап өтті Президенттікке кандидат.

Айта кетейік, 2021 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Басты келісімге қол қойылған еді. Құжаттың негізгі міндеттері – жұмысшыларға қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.

«Мен үшжақты келісімнің әлеуеті зор деп санаймын, алайда өкінішке орай, бүгінде ол өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр. Мейрам Қажыкеннің бағдарламасында маған әлеуметтік әріптестік саласындағы мәселелерді шешу үшін, кандидаттың нақты қадамдар ұсынғаны ұнады. Бүгін біз Үкіметтен де, жұмыс берушіден де тәуелсіз, жұмысшылардың мүдделерін нақты қорғай алатын, ауқымды кәсіподақ қозғалысы және жұмыс берушілердің толыққанды өкілі туралы әңгіме қозғадық. Сондай-ақ, біз қазіргі уақытта жасалып жүргендей, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі емес, Үкімет атынан Премьер-министрдің өзі қол қоятын үшжақты келісім туралы айттық, бұл – өте маңызды тармақ», — деді ҚР қайталама металлургия өнеркәсібі одағының төрағасы Владимир Дворецкий.

Кездесуге қатысушылар қолданыстағы үшжақты басты келісімді мемлекет тарапынан жауапкершілік бөлімінде күшейту қажет деген пікірге келді. Олар, сонымен қатар, бизнес және кәсіподақ өкілдерінің талқылауынан кейін жаңа құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастырды.

Штабтың баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button