Бірлікке жетелеген кәсіподақ

5ad2998d f0c0 4c62 acb5 f4619a85942e Қоғам

     Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Махамбет аудандық комитеті филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерін қолдау мен ынталандыруға арналған шара өтті.

     Салтанатты шараның ашылу рәсімінде «Кәсіподақтардың бастауыш ұйымы жылы» жүзеге асырылған игі істер туралы «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Махамбет аудандық комитет филиалының төрайымы Венера Қабышева хабарлама жасады. Жиын соңында кәсіподақтар және ұстаздар мерекесіне орай жарияланған байқаулар мен конкурстар жеңімпаздарының есімдері аталып, бірнеше бастауыш ұйым төрағаларына, озат ұстаздарға және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне облыстық, аудандық салалық ұйымдардың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары табыс етілді. 

7931fc66 3d24 4ba6 8c87 edf08d7a8432

     Сонымен бірге, шара барысында психолог маман тренинг өткізді. Тренинг шартына сәйкес олар түрлі сайыстан өтті. Айталық, қатысушылар ауылсыртындағы Жайық өзені бойындағы тоғайға барып, бес кезеңнен тұратын қызықты тапсырмаларорындады. қорытындысын жариялады. Жеңіске жеткен топтар арнайы сыйлықпен және мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды. Бұл, расында да, кәсіподақ мүшелерін бірлікке үндеп, еңбек ұжымыныңәр мүшесін адал да еселі еңбек етуге шақырған ерекше шара болды.

Лиза Шайхашқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз