Ұлттық құрылтай Атырауда өтеді 

5b2d7117 c764 408d ab5d 053049531364 Саясат

Киелі Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай келесі жылы мұнайлы өлкеде өтетін болды. Еліміз үшін маңызды мәселелер қозғалғар алқалы басқосуда Президент осылай деп айтты. 

Бұл, әрине, бізге үлкен жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Екіншіден, Атырау өңірі қойнауындағы “қара алтыны” мен тайдай тулаған балығымен ғана емес, тарихи мұраларға бай өлке. Бір ғана Сарайшықтың өзінде қаншама сыр жатыр. 

“Осымен, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!»,деді Президент. 

Бақтыбек ТАУБАЕВ, 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз