Жарнама
Саясат

Уақыт туындатқан өзгеріс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын кезекті Жолдауын асыға күтетініміз бар. Осы жолы да елдің бағыты мен бағдарын айқындайтын тарихи құжатты оқып, танысуға ерекше ықыласпен қарағанымыз рас.

672452_1424254769

Жолдауында Елбасы қазақ елінің алдында тұрған негізгі міндеттерді он санатқа бөліп алып, жеке-жеке қарастырған. Соның ішінде ұлттық сананы жаңғырту бағытында қолға алынған игілікті істерді ұмыт қалдырмаған. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарында Мәңгілік елдің жастары тең дәрежеде көрінуі үшін білімді болуы керек.

Бұл Жолдауда білім қоғамын дамытуға арналған құндылықтар «Білім берудің жаңа сапасы», «Мектепке дейінгі», «Орта білім беру», «Үш тілді меңгере отырып, латын әліпбиіне көшу мәселесі», «Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту» бағыттары бойынша жарияланғанын байқаймыз.

«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету бағытында 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты», – деген Мемлекет басшысы үштілді білім беру туралы айтып, оның ішінде ана тіліміздің рөліне тоқталды.

Соның ішінде қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, жөнсіз терминологияға жол бермеу керектігіне баса мән берді. Ана тіліміздің халықаралық деңгейге жетуі үшін оның терминологиясы, яғни аудармасы сауатты болуы керектігін меңзеді. Президентіміз бірнеше тілді сауатты меңгерген жастарымыздың арқасында нағыз азаматтық қоғам қалыптасары сөзсіз екенін алға тартты.

Ал, мектептердің интернет желісіне қосылуы, олардың видеоқұрылғылармен жабдықталуы күн тәртібінен түспейтін мәселе ретінде қарастырылған.

Егемен елдің жастарына, бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай жасалуда. Енді тек олардың білім қуып, бірнеше тілді меңгеруге жанын салып жұмыстанғаны қалып тұр. Бұл тұрғыда педагогтар қауымына да жүктелер міндеттер айқындалып отыр.

Ғабит ҚАБЕКЕНОВ,

облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің директоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button