Бүкілхалықтық РЕФЕРЕНДУМ: Келісіп пішкен тон…

1638786615 0 1 Саясат

            Қазақта «Халық айтса, қалт айтпайды» деген даналық сөз бар. Конституцияға өзгерістер енгізу үшін әуелі көптің пікірін біліп, бұқараның үніне құлақ асуы Президенттің де осы қағиданы ұстанатынын, көпшіліктің ойын құнды санайтынын аңғартқандай.

            Мемлекет басшысының өзі атап өткендей, Ата Заңның 30-ден астам бабына өзгеріс енгілетіні, және оның бүкілхалықтық референдум өткізу жолымен талқыланып, содан соң ғана нақты шешім қабылданатыны – үлкен жаңалық әрі зор жауапкершілік. Азаматтардың қоғамда болып жатқан өзгерістерге деген көзқарасының көрінісі, парасат-пайымының өлшемі, саяси жаңаруларға бей-жай қарамайтынының белгісі.

            Елімізде соңғы рет мұндай референдумның өткізілгеніне биыл 27 жыл болған екен. Дәл сол кезде екінші мәрте Қазақ елінің негізгі заңының осы уақытқа дейін қолданылып келген нұсқасы қабылданған еді. Ал одан бергі кезеңде енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Парламенттің депутаттарының қатысуымен ғана жүзеге асырылып келгені белгілі. «Ештен де кеш жақсы» дегендей, енді міне, Жаңа Қазақстан жағдайында қоғамның пікірі алдыңғы орынға ығыстырылуда. Сонысымен де Президент қазақстандықтардың өмірлік белсенділігін арттырып, саясатқа араласатындай деңгейге жеткізуді мақсат етіп қойған.

            Екіншіден, бұл қадам бұқара мен биліктің арасындағы ажырап қалған байланысты нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімін күшейтуге оң ықпал етері кәміл.  Бұдан шығатын қорытынды, қашан да туған халқының парасат-пайымына арқа сүйейтін, соны бағалай білетін мемлекет басшысы сол арқылы өзі де ел-жұртының сеніміне, қошамет-құретіне ие болып отыр. Бір анығы, халықтың талқылауынан, ой таразысына өткен соң ғана қабылданатын шешімдер сөз жоқ,  саяси реформалардың нәтижелі іске асарына сенімімізді нықтағандай.

Серікқали ЖҰҚИЕВ,

Индер аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз