Жаңарған Парламент алдында жаңа міндеттер тұр

0 8 Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзі – бұл мемлекетті саясатты жүзеге асырудың алдағы кезеңге арналып айқындалған мақсаттары мен міндеттері.

Олардың жүзеге асырылуында жетекші рөл жаңадан сайланған Парламет құрамына жүктелгелі отыр. Мемлекет басшысы мәлімдеген басымдық берілген бағыттардың қатарында азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту және сонымен байланысты атқарылуы тиісті шаралар аталды. Атап айтқанда, осыған кепілдік беретін құқықтық демократиялық мемлекетті дамыту, тиімді әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы реформалар, оларды оңтайлы жүзеге асыру – аса маңызды да басты міндеттердің қатарында аталды.

Осыларды алға тартқан Президент бұған дейін өткізілген сайлауларда жол берілген кемшіліктерді атап көрсете отырып, бұдан былай оған жол берілмеуі керектігін ескертті. Осы жолғы сайлаудың соның бастамасы, жолбастаушысы болып табылатынына тоқталды. Алайда, әлі де болса Парламенттің құрамында еліміздегі саяси партиялар өкілдерінің үлесін 7-ден 5% – ға дейін азайту керектігін қаперледі. Осыны айта келе, келешекте өткізілетін сайлаулардағы дауыс беру бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген пунктті енгізу қажеттігін меңзеді. Мұның өзі әрбір азаматтың өзінің ойы мен қалауын еркін білдіруіне жол ашары дасыз.

Біз – қазақ жерін мекендеген, Қазақстанды Отаны санайтын этнос өкілдері қоғамда болып жатқан оң өзгерістерді бірауыздан қолдай отырып, жаңа құрамдағы халық қалаулыларына зор сенім білдіріп, үлкен үміт артамыз. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің мүлтіксіз орындалып, еліміздің одан әрі гүлдене беруіне, келешегінің кемелдене түсуіне барша отандастарымызбен бірге лайықты үлесімізді қоса береміз.

Андрей КОРАБЛЕВ,

«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз