Тоқаев: Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

radmin news 2023 03 29 230329101602594a4050716i w860 h580 Саясат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында бір жыл ішінде елде болған негізгі саяси өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанан еске салды.

«Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ, Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды», – деді Президент.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз