Сайлау-2022: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс бере алады

screenshot 20221115 154846 whatsapp Саясат

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Ол үшін мүгедектігі бар жандар 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтініш бере алады. Орталық мамандары сайлаушыдан барлық ақпаратты алып, тұрғылықты мекенжайы бойынша белгіленген сайлау учаскесіне хабарлайды. Ары қарай, мобильдік топ сайлаушының үйіне тасымалдау жәшігі мен бюллетендерді алып келеді, деді А.Мәмбетов.

Оның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардан бөлек, сайлау күні денсаулығы сыр берген азаматтар да бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, өтінім бере алады.

Айта кетейік, өтінімдер 20 қараша сағат 12.00-ге дейін қабылданады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз