Жарнама
Саясат

Теңіз кен орнында дауыс беруге арналған 19 көшпелі пункт ашылды


Сайлау комиссиясының штабына Теңіз кен орны аумағында дауыс беруге ниет білдірген ауысымдағы қызметкерлерден 10 мыңға жуық өтініш түсті,деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оған қоса жұмысшылардың бір бөлігі тіркелген жері бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның түрлі өңірлерінен дауыс беру үшін есептен шығару куәліктерін алып келді.

Теңiз кен орнында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгiзiлетiн өзгерiстер жөніндегі республикалық референдумға дайындық бiрнеше аптаға созылды. Сайлау учаскелері «Теңізшевройл» компаниясы мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Құлсары қаласынан бақылаушылар келді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button