Тәуелсіздік тірегі-табандылық

df84a2e1 b897 4f23 b616 2cb371f31fbd Саясат

Бодандық пен бостандық! Иә, осы екі құбылыстың тұтас бір ұлт үшін қаншалықты маңызды екенін көзбен көріп, жүрекпен сезіне білген жан ғана түсіне алады. Біз сол қос дәуірдің дәмін татып, қос ғасырдың куәсі болған аға буын өкіліміз. Сондықтан да Тәуелсіздіктің қадірін бізден артық білетін қазақ жоқ. Ата-бабамыз ғасырлар бойына аңсаған азаттықтың ақ таңы арайлап атқанда қатты қуанғанымыз хақ.

Кешегі Қаңтар оқиғасы бостандық пен бодандықтың арасы бір-ақ қадам екеніне көз жеткізді. Арандатушы топтардың кесірінен ұлтымыз бен оның болашағына қатер төнді. Ұрпағымыз үшін аса құнды Тәуелсіздігімізден айрылып қала жаздадық. Абырой болғанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың табандылығының арқасында мемлекет тұтастығын сақтап, арам пиғылдылардың жоспары іске аспай қалды. 

Ендігі мақсат- Тәуелсіздік туын берік ұстап, ел егемендігін аман сақтау. Бүгінгі жағдай бізден соны талап етеді.

Амандық Сасаев,

Ардагер мұнайшы,

Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз