Махамбет ауданының тұрғындары баспаналы болды

1977c8e3 682c 4409 a11c 7b156bf2c9b1 Саясат

Тәуелсіздік күні бір топ махамбеттіктер қуанышқа кенелді.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту – егемен ел атанғалы бері жасалып жатқан игілікті жұмыстардың бірі. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Оның ішінде әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін тұрғын үйді пайдалану көлемі жылына шамамен 10 мың пәтерді құрайды.

c767d8b0 4d74 4444 b0d8 c17227bae6a7

Осы тұста Махамбет ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында көпбалалы үш отбасыға, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, зейнеткерге, толық емес отбасыларға баспананың кілті табысталды. Баспаналы болу бақытына ие болған жанұялардың қуанышын бөлісуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов келіп, жүрекжарды лебізін білдірді.

64115cd1 8b32 45bb 8032 4346fe33c746

– Облыста әр түрлі бағдарламалар бойынша жобалар іске асырылуда. Биылғы жылдың өзінде Махамбет ауданында жобалардың жүзеге асыруға 4 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Оның ішінде ауылдарға жол салу, инфрақұрылым жүргізу, спорт нысандарын салу, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аз қамтылған отбасыларды үймен қамту және өзге де шаралар бар. Бүгінгі Тәуелсіздік күні қол жеткізіп жатқан үйлеріңіз құтты болсын, іші тек қуанышқа толы болсын,-деді облыс әкімінің орынбасары.

Жоғарыда аталған санаттарға жататын Элеонора Аюсина мен Мөлдір Аймағамбеттің отбасыларына екі пәтерлік тұрғын үйді облыс әкімінің орынбасары өзі табыстады. Пәтер кілттері табысталғаннан кейін баспананың салтанатты жағдайда лентасын еңбек ардагері Қобыланды Сисенов пен білім беру саласының ардагері Болған Масалимова қиды. Жаңа пәтердің іші кең, жап-жарық, газы, суы келіп тұр.

eb82be72 bcee 45fa 984b 7d6ed8c53dd6

Салтанатты шарадан кейін облыс әкімінің орынбасары демеушілер көмегімен көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылған үйде болып, жағдайымен танысып, аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыстарына оң бағасын берді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз