Тарихтың жаңа парағы

news ec0 43 Саясат

«Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі. Алайда…

Белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беруде қиындық тудыратын кездер болады. Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын Конституциялық кеңес түсіндіреді, бірақ азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайды», деген болатын Президент. Осы мақсатта мемлекет басшысы Конституциялық сот құруды тапсырды. Демек, енді азаматтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Сонымен қатар Ата заң жобасында жергілікті өкілді органдардың ролін күшейту көзделген. Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мəслихаттарға баса мəн беріледі. Мықты мəслихаттар өзекті мəселелердің шешімін табуға жəне аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға əсер ете алады. Олардың ролін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мəслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн екендігін Президент өз Жолдауында атап өтті. Өкілді билік тармағын өзгерту жөніндегі бұл жаңашылдықтардың бəрі парламенттік мəдениеті жоғары жəне ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

Президенттің айтуынша, осы жолда халыққа ауызбіршілік керек, ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет. «Біз əр шешімді мұқият саралап, əр істі байыппен саралауға тиіспіз. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді? Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды» деді Президент. Конституцияға енгізілетін түзетулер тəуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағын ашады дегенді білдіреді. Мұны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды белес деуге болады.

Болат ЖҮГІНІСОВ, Құрманғазы аудандық мəслихатының хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз