Мұнайға сұраныс артып жатыр

3f20e00b d6d4 4fe0 b122 a4ef047a4fa3 Саясат

Жанар-жағармай бағасының өсіміне қатысты әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Шындығында, күндердің күнінде қазба байлықтың таусылары да ақиқат. Соңғы жылдары елімізде «қара алтын» қоры да азайып келетіндігі жиі қозғалып жүр.

Рас, үш ірі кен орнынан (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) басқа жердің бәрінде мұнай өндірісінің көлемі төмендеп жатыр. Мысалы, 1990 жылдары Маңғыстау біздің мұнайымыздың 60 пайызын беріп тұрған. Сол Маңғыстаудың өндірісінің үлесі қазір 20 пайыз ғана болып қалған. Ал, осыдан 30 жыл бұрын 20 пайыз өндірісті қамтамасыз еткен Атырау қазір 60 пайыздық межеге шығып тұр. Яғни, екеуі орын алмасты. Ақтөбе айтарлықтай өзгермеген – 10 пайыз деңгейінде. Батыс Қазақстан шамамен 15 пайыздай. Қызылордада өндірістің төмендеуі қатты байқалады. Бастапқы үлесі 2 пайыз болған, 20 пайызға дейін 2000 жылы жеткен үлесі, қазір 5 пайыздан төмен түсіп кеткен. Бірақ, бізде мұнай өнімдерін тұтыну деңгейі артып жатыр. Демек, ортадағы айырма көбейе береді. Бұл тығырықтан шығу үшін мемлекет квотаны көбейте бастайды. Сосын әлгі шағын мұнай шығаратын кәсіпорындар тағы зардап шегеді.

Абзал НАРЫМБЕТОВ,

мұнай-газ саласының сарапшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз